Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті. Елена Рыбакина Римде WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атануы нәтижесінде 6-дан төртінші орынға көтерілді деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық теннисшіні үшінші сатыдағы америкалық Джессика Пегуладан небәрі 115 ұпай ғана бөліп тұр.
WTA-ның 22 мамырдағы рейтингісі:
4 (+2). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 5090
61 (-10). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 916
481(-1). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96
1143 (+3). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 9.
Айта кетейік, чемпиондық кестеде алғашқы сегіз орынға ие болған теннисшілер маусым соңында WTA қорытынды турниріне қатысады.