Almaty Towers-тегі өрт: Адвокат оқиғаның мән-жайын айтып берді
Almaty Towers-тегі өрт: Адвокат оқиғаның мән-жайын айтып берді
"Батут орталығында" өрттен қаза тапқандардың туыстарының мүддесін қорғайтын адвокат Ерлан Бекболов Almaty Towers-те өрт кезінде өрт сөндіру жүйесінің жұмыс істемегенін мәлімдеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жұмысшылар тұншықтырғыш газдан уланып өлген. "Алдын ала нұсқа бойынша, студенттер өрт кезінде жабық бөлменің ішінде қаза тапқан. Келесі күні Almaty Towers әкімшілігі ғимараттағы өрт сөндіру жүйесі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеген. Алматы қалалық ТЖД өкілдері де бұл мәліметті растаған", - деді адвокат.
Адвокаттың айтуынша, "Батут орталығы" қызметкерлері мен әріптесі түсірген видеожазбаларда басқа мәлімет бар.
Ерлан Бекболовтың айтуынша, "Батут орталығының" маңындағы бөлмеде өрт алдында қауіпсіздік бойынша тренинг өткен. Онда шамамен 30 адам болған. Адвокат кадрларда өрт кезінде дыбыс дабылының қосылмағаны көрінетінін айтып отыр. "Бұл дабыл іске қосылса, балалар тыныш отыра алмай, өртті сөндіруге тырысар еді. Өрт сөндірудің сприклер жүйесі (Сумен сөндіру - Авт.) жұмыс істемеді. Меніңше, егер бұл жүйе жұмыс істеп тұрса, өрт сөндірілер еді. Түтін жою жүйесі де бар. Меніңше, бұл бөлімде асықпай тергеу жүргізу қажет, осы арқылы жүйенің не себепті жұмыс істемегенін анықтау керек", - деді адвокат.
Адвокат апат жағдайында шығуға мүмкіндік беретін жерде кеңсе салынғанын видео арқылы көрсетті. Жиналғандарға видеоны көрсеткен адвокат "Батут орталығына" кірер есіктің барын айтты.
"Осы есіктің тұрғаны күмәнді. Осы есік арқылы апат жағдайында шығуға мүмкіндік бар еді. Бұдан шыққан соң адамдар апат баспалдағына жетер еді. Ал мұнда кеңсе салынған. Мұнда өрттен кейін қазіргі уақытта шығу жолының жабық тұрғанын көруге болады. Бұл жерді жауып тастаған. Бұл жерден өрттің іздері көрінбейді. Видео 2016 жылдың 9 қарашасында түсірілген", - деді адвокат.
Ол кеңсенің "Ғаламат тех" ЖШС компаниясына тиесілі екенін айтып өтті.
"Осы кеңседе болып, өрт жағдайында шығу баспалдағынан түсіп келе жатып, компания директоры өртсөндіру жасағын осы есікке бағыттады. Алып келіп, өрттің сонда шығып жатқанын айтты. Ал өртсөндірушілер не себепті әрекет етпеді? Неге есікті сындырмады? Дәл осы есіктің арғы жағында қаза тапқан балалар табылды, себебі дәл осы жерде шығу жолы болуы керек еді. Осы видеоларды көргеннен кейін анықтау, тергеу органдарының пікірі түсініксіз, олар істі тезірек сотқа жолдап, "Батут орталығы" директорларының бірін кінәлі етіп шығарғысы келеді. Мен бұл пікірмен келіспеймін, мұнда тексеріп, кінәлілердің барлығын жазалау керек деп есептеймін - ғимарат әкімшілігі де толықтай жауапқа тартылуы керек, тексеріс жүргізбеген ТЖД да жазалануы тиіс. 2009 жылдан бері тексерілмегені сандырақ. Бұл - апат жолдарының кеңсеге айналдырудың салдары", - деді адвокат.
Ол Almaty Towers ғимаратының он шақты иесі бар екенін айтты. "Мұнда сұрақ ғимарат иелеріне емес, басқарушы компанияға бағытталуы керек, олар дер кезінде бақылап, жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек еді", - деді ол.
Ал осыған дейін "Батут орталығы" директоры Дәурен Тұяқовқа қатысты қамауда ұстау мерзімі 12 ақпанға дейін ұзартылғаны хабарланған еді. Тұяқов "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Бұл баптың жазасы - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру.
Ал Тұяқовтың айтуынша, оқиға болған 6 қарашада барлық негізгі құрылыс және дайындық жұмыстары аяқталуы тиіс болған. Сондықтан "Батут орталығын" ашуға қатысқан адамдар жұмысқа шыққан. Өрт кезінде ғимаратта 30 адам болған.
Еске салайық, Almaty Towers бизнес орталығының кинотеатр ғимаратында өрт 6 қарашада кешкі уақытта шыққан еді. 1 800 шаршы метр жерді жалын шарпыды. Өрт салдарынан 54 жастағы біріктіріп балқытушы қаза тапты, ал кейін 5 студенттің мәйіті табылған болатын.