Бүгін доллар мен рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?

22 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Бүгін доллар мен рубль қанша теңгеден сатылып жатыр? Ұлттық банк 22 мамырға арналған доллар мен рубльдің бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz. 1 доллар құны – 448,31 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,62 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 – 449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447– 450 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,7 теңге, Астанада 5, 55 – 5,65 теңге аралығында сатып алуға болады.