«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдер қай кезден бастап қабылданады?

22 мамыр, 2023 / Әбіл Мансұр
ашық дереккөзі
«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдер қай кезден бастап қабылданады? Биыл «Елорда жастары» бағдарламасына өтініштер 30 мамыр мен 6 маусым аралығында qatysu.zhilfond.kz сайтында қабылданады, - деп хабарлады turkystan.kz Отбасы банкіне сілтеме жасап.  Бағдарлама арқылы жастарға 200-ге жуық тұрғын үй ипотекасы беріледі. Оған Астанада тұратын жас мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар, ЖОО ұстаздары мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мен коммуналдық қызмет қызметкерлері, Полиция департаменті мен ТЖҚ қызметкерлері, Астана қаласы бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген жетім балалар қатыса алады. «Осы бағдарламаны жүзеге асыруға Астана қаласы әкімдігі 1,5 млрд теңге, Отбасы банк 1,5 млрд теңге бөліп отыр. Бұл қаражат бағдарламаның 200-ге жуық қатысушысын несиелендіруге көмектеседі», - делінген Отбасы банкінің хабарламасында. «Елорда жастары» қатысушыларына төмендегідей талаптар қойылады: