Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
ашық дереккөзі
Ресейлік іздеушілер Ленинград облысы Кингисепп ауданында Қазақстан тумасының сүйегін тапты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Павлодар отрядының командирі Александр Шитов айтты деп хабарлады turkystan.kz. Жауынгердің өзімен бірге медальоны болған, оның иесі Злодеев Николай Ильич екені анықталды. Ол 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Увар ауылдық кеңесінің Селенгайка ауылында дүниеге келгені белгілі болды. Қазақ КСР Шығыс Қазақстан облысының сол кездегі Үлкен нарын аудандық әскери комитеті әскерге шақырған. Әскери атағы – Қызыл әскер. Соңғы қызмет орны – 191 атқыштар дивизиясы 559 атқыштар полкінің 2-батальоны. 1941 жылы 21 шілдеде Ленинград облысы Кингисепп ауданы Ивановское ауылында қайтыс болған. Ресейлік іздеушілер қаза болған сарбаздың туыстарынан жауап күтеді.