Шымкентте қойма өртеніп, бір адамды күйік шалды (ВИДЕО)

Шымкентте қойма өртеніп, бір адамды күйік шалды (ВИДЕО)

Шымкентте қойма өртеніп, бір адамды күйік шалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкентте қойманың шатыры жанып кетті деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қалалық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап. 21 мамыр күні 15:28 шамасында құтқару қызметіне Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойында жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қойма жанып жатқаны жайлы хабар түскен. Қойманың аумағы 280 шаршы метр болатын шатырынан өрт шыққан. Сағат 16:20-да өрт оқшауланып, 16:32-де сөндірілді. Өртті сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолының 6 пайызы күйіп қалған. Өрттің себебі анықталып жатыр.