Жаңалықтар

2022 жылы қанша отандасымыз АҚШ-тың грин-картасын ұтып алды?

ашық дереккөзі

2022 жылы қанша отандасымыз АҚШ-тың грин-картасын ұтып алды?

2022 жылы АҚШ паспортын 945 Қазақстан азаматы алған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 100 адамға көп. Бұл туралы 2022 жылғы есебінде Second Wind компаниясы жариялады. 2022 жылы грин-картаны 1 613 қазақстандық рәсімдесе, көші-қон визасын – 1 115 адам, көші-қонсыз визаны – 20 624 адам алған. Аталған сандардың бәрі өзге жылдармен салыстырғанда өсімді көрсеткен. АҚШ-тың көші-қон визасын алуда қазақстандықтардың ең көп үлесі грин-карта лотерясында. Онда 832 виза алынған. Дегенмен картаны ұтып алу автоматты түрде виза алуға болады дегенді де білдірмейді. Қазақстан грин-картаны ұтып алу бойынша әлем елдерінің ішінде 20-орында тұр. Бірінші орында – Непал (3 301), екінші орында – Ресей (2 642).