Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында сенсация жасады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында сенсация жасады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында сенсация жасады
ашық дереккөзі
Хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының  Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өткен топтық кезеңінде сенсация жасап, Словакияны жеңді (4:3) деп хабарлайды turkystan.kz. Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Vesti.kz жазуынша, матчта алғашқы жетістікке словак хоккейшілері жеткен. Оған 15-минутта Патрик Кохтың күшімен қол жеткізді. Ал бұған қазақстандықтар Роман Старченко, Валерий Орехов, Евгений Рымарев екінші кезеңде, 22, 25 және 26-минуттарда дәл соққылармен жауап берді. Осы жеңістің арқасында Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері 4 ұпай жинап, В тобында жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Қазақстандық команда үшін бұл – екінші жеңіс. Бұған дейін Норвегиядан буллит (4:3) бойынша басым түсті. Содан кейін Чехиядан (1:5), Швейцариядан (0:5) және Канададан (1:5) жеңілді. Қазақстан келесі ойынды 20 мамырда Латвиямен өткізеді. Ойын Астана уақытымен 23:20-да басталады.