Жаңалықтар

Үш баласын өлтірген ақтаулық тұрғынның ісі әлі сотқа жетпеген

ашық дереккөзі

Үш баласын өлтірген ақтаулық тұрғынның ісі әлі сотқа жетпеген

Ақтауда үш баланың өліміне қатысты іс әлі сотқа жетпеген деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап. Күдікті, марқұм балалардың әкесі, 36 жастағы ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлады. «Қылмыстық іс материалдары сотқа берілген жоқ. Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі бұл іс бойынша сот әлі басталмағанын растады. Соттың ашық режимде өтетіні әзірге белгісіз болып отыр. Жантүршігерлік оқиға 2023 жылғы 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынаудандағы №46 үйде болған еді. Куәгерлердің айтуынша, ер адам үш баласын пышақтап өлтірген. Оқиға орнына барған полицейлер ер адамды ұстады. Пәтерден зорлықпен өлтірілген 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіті табылды. Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.