«Жағдайы ауыр»: Қарағандыда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

«Жағдайы ауыр»: Қарағандыда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

«Жағдайы ауыр»: Қарағандыда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында бір тәулік ішінде екі бала терезеден құлады деп хабарлады turkystan.kz. Бірінші оқиға 18 мамырда Теміртауда болған: бес жасар қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап түсті. «Патриот» Telegram-арнасының хабарлауынша, қыз Теміртау орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Сол күні облыстың Бұқар Жырау ауданында үшінші қабаттың терезесінен екі жасар бала құлаған. Ол Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Медициналық мекеме қызметкерлері баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалады.