Алматыда телевизия нарығының өзекті мәселелері талқыланған конференция өтті
Алматыда телевизия нарығының өзекті мәселелері талқыланған конференция өтті
Бүгін Алматыда Ұлттық медиа қауымдастықтың ұйымдастыруымен «Медиа өлшемдер. Телевизия нарығының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті.
Қауымдастық медиа өлшемдер және телевизия нарығындағы заманауи қиындықтар мен тенденциялар туралы зерттеулер мен пікірталастар өткізді.
Вице-министр әрі қауымдастық жетекшісі Кемелбек Ойшыбаев теледидардағы жарнама нарығын дамыту үшін медиа нарықтың барлық қатысушыларының бірлескен жұмысының маңыздылығын айтып, Ресей теледидар жарнамасының кірістерімен салыстырды.
«Біз ресейлік теледидардағы жарнама нарығынан 32 есе азбыз, яғни Ресейдегі теледидар жарнамасының көлемі теңгемен есептегенде шамамен 1 трлн 100 млрд теңгені құрайды. Егер Қазақстанның жарнама нарығы құлдырайтын болса, онда нарықтың барлық қатысушысында даму болмайды. Индустрияның басты менеджерлерінің басын қосып, негізгі сұрақтарды көтеретін алаңға айналып келе жатқан конференциямызды екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Болашақта осы конференция дәстүрлі түрде саламыздың мәселелері шешілетін маңызды бір алаңға айналады деп сенемін», – деді ол.