Алматыда 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті

19 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Алматыда 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті Алматы облысында 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«19 мамыр күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына 10 оқушы астан уланып түсті. Олар - Бәйтерек ауылындағы мектептің 5-сынып оқушылары. Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өтті. 7 баланың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал қалған 3 оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.