FlyArystan ұшағына найзағай түсті

FlyArystan ұшағына найзағай түсті

FlyArystan ұшағына найзағай түсті
ашық дереккөзі
FlyArystan ұшағына найзағай түсіп, әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды деп хабарлады turkystan.kz.
«19 мамыр күні сағат 13:05-тегі «Түркістан – Ыстамбұл» бағытындағы КС7425 рейсі ауа райы жағдайына, нақты айтқанда, оның алдындағы рейстегі әуе кемесіне жай түсуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Талаптарға сәйкес, жай түскеннен кейін әуе кемесіне инспекция жасау қажет», - делінген авиакомпания мәлімдемесінде.
Түркістаннан ұшақ 19 мамыр күні, жергілікті уақытпен сағат 17.00-де ұшып шығатыны жоспарланған. FlyArystan компаниясының баспасөз қызметі рейстердің кешіктірілуі мен олардың орындалмауының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынып жатқанын мәлімдеді.