Жаңалықтар

FlyArystan ұшағына найзағай түсті

ашық дереккөзі

FlyArystan ұшағына найзағай түсті

FlyArystan ұшағына найзағай түсіп, әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды деп хабарлады turkystan.kz. «19 мамыр күні сағат 13:05-тегі «Түркістан – Ыстамбұл» бағытындағы КС7425 рейсі ауа райы жағдайына, нақты айтқанда, оның алдындағы рейстегі әуе кемесіне жай түсуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Талаптарға сәйкес, жай түскеннен кейін әуе кемесіне инспекция жасау қажет», - делінген авиакомпания мәлімдемесінде. Түркістаннан ұшақ 19 мамыр күні, жергілікті уақытпен сағат 17.00-де ұшып шығатыны жоспарланған. FlyArystan компаниясының баспасөз қызметі рейстердің кешіктірілуі мен олардың орындалмауының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынып жатқанын мәлімдеді.