Иммиграция: Үш мемлекет - үш түрлі саясат
Иммиграция: Үш мемлекет - үш түрлі саясат
Миграция – кейбір мемлекеттер үшін мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі, ал кейбір халықтың басына түскен тауқымет. Әйтсе де, иммиграцияны қаптаған келімсектердің тасқыны деп емес, ұлттық экономиканың бойына қан бітіретін тың күш әрі мемлекеттің болашақ тұрғындары деп қабылдайтын елдер де бар. Бүгінде өткір тақырыпқа айналған иммиграцияны үш алпауыт мемлекеттің мысалында талдағанды жөн көрдік.
АҚШ:
МИГРАНТТАР ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯ
Кәрі құрлыққа қарай ағылған мигранттардың басым бөлігі Германияға қарай ентелей ұмтылғаны белгілі. Оған себеп канцер Ангела Меркельдің босқындарды паналатуға бағытталған гуманистік саясаты еді. Бірақ Меркель ханым кейін бұл саясаттан бас тартып, соғыс пен аштықтан, қудалау мен кедейшіліктен қашқан босқын халықтың селін тоқтатуға мәжбүр болды. Сол үшін Түркиямен арада мигранттарды Еуропа шекарасынан асырмау туралы келісім жасалғаны есімізде. Бірақ миллионнан аса мигрант бұған дейін-ақ Германия аумағына кіріп, қоныстап үлгерген еді. 2016 жылы 280 мың мигрант неміс шекарасынан өткен, ал 2015 жылы иммигранттар саны 890 мың болатын. Соңғы статистикалық деректерге жүгінсек, былтыр Германияның тұрғын халықтың саны күрт көбейген. Қазіргі таңда бұл елде 82,8 миллион тұрғын бар. Ресми деректерге қарағанда, халық санының артуы негізінен иммиграцияның арқасы. Мысалы, 2016 жылы Германияға келген адамдардың саны елден кеткендерге қарағанда 750 адамға артық. Егер соңғы 45 жылда қайтыс болғандар саны өмірге келген сәбилер санынан 5 миллионға көп болғанын ескерсек, демографиялық дағдарыс алдында тұрған халықты иммиграциялық толқын құтқарып қалғаны деп түсіну керек. Себебі мемлекет экономикасы көптеген жұмыс күшіне зәру, оның ішінде қара жұмыс істейтін, «екі қолға – бір күрек» дейтін жұмысшы қауымы тапшы. Алайда Ангела Меркель «ашық есік» саясатын ұзақ ұстап тұра алмады. Оппозициялық партиялар канцлердің иммиграциялық саясатын қатты сынға алды. Келімсектердің тым көп келуінен секем алған қарапайым тұрғындар да наразылық шараларын өткізіп, бұл саясатқа ашық түрде қарсылық білдірді. Ақыры, Меркель «есікті жауып», мигранттар тасқынын саябырлатуға мәжбүр болды. Еуропалық одақ пен Түркия арасында жасалып, кәрі құрлыққа қарай ағылған мигранттар санын азайтуға бағытталған келісім жүзеге асқалы, Меркель үкіметінің тынысы сәл жеңілдегендей болған. Сонда да Ангела Меркельдің әуелі босқындарды құшақ жая қарсы алуға уәде беріп, миллионға жуық келімсектерді қабылдаса да, кейін өз сөзінен тайып, саяси қателік жасағанын мойындауы оның абыройына айтарлықтай нұқсан келтіргені рас. Обалы нешік, әу баста Меркель ханымның ақжолтай шақыруы сириялық босқындарға тікелей қатысты болған деседі. Бірақ Германияны паналаған мигранттардың ішінде басқа мемлекеттердің азаматтары көп, ал сириялықтардың аз бөлігі ғана неміс жеріне жеткен. Енді Германия үкіметі миграциялық саясатты біртіндеп қатаңдатып жатыр. Мысалы, бұған дейін Ауғанстан, Албания мен Ирактан келгендерге босқын мәртебесін беру қарастырылса, енді олардың көбісін өз елдеріне қайтаруды қолға алды. Жалпы, Меркельдің қарсыластары Герамния жылына 200 мыңнан артық мигрант қабылдамауы тиіс деп санайды. Ұлтшылдық ұрандарының үдей түсуіне қарағанда, жергілікті билік иммиграциялық саясаттың құйрық-жалын бұдан әрі күзей түсетін болар.КАНАДА:
МИГРАНТТАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА