Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы кәсіпкер жастарға қолдау көрсетіп келеді

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы кәсіпкер жастарға қолдау көрсетіп келеді

«AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау. Бұл ретте, партия кәсіпкерлердің шағын және орта бизнес ашуына, оны дамыту кезінде пайда болатын кедергілерді жоюға, жастардың өз ісін бастауына жүйелі қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, Дана Мирбекова есімді азаматша Шымкент қаласында балабақша ашып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосып жатыр. Ол аталған балабақшаны жастар мен әйелдер кәсіпкерлігіне берілетін 1 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы ашып отыр. Оған өз ісін бастауға «Shymkent Invest» фронт-офисі жөн сілтеді. Күні кеше аталған орталыққа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев арнайы барды. Олар фронт-офистің жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен әңгімелесті.