Жаңалықтар

Қазақстанның жаңа картасы дайындалды

ашық дереккөзі

Қазақстанның жаңа картасы дайындалды

Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты еліміздің жаңа картасы әзірленді деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа картаның жұмысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов таныстырды. «Былтыр Президенттің Жарлығымен үш жаңа облыс – Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды. Осыған орай, Үкімет іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Ондағы тармақтардың бірі – Қазақстан Республикасының саяси картасын және жаңа облыстардың тақырыптық картасын өзектендіру болды»,  - деді Әсет Тұрысов. Оның айтуынша, министрлік қызметкерлері үлкен жұмыс атқарып, 1:1 500 000 масштабымен Қазақстанның әкімшілік-саяси картасын жасап шығарды. «Сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылды және 1 млн масштабпен Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының карталары әзірленді. Бұған қоса, 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен, ал 1:10 000 масштабпен Қонаев, Жезқазған, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды», - деді ол.