72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан құлап кетті

72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан құлап кетті

72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан құлап кетті
ашық дереккөзі
Шымкентте 72 жастағы қария №1 қалалық аурухананың үшінші қабатындағы терезесінен құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 18 мамырда түнгі сағат 23:30 шамасында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оқиға орнында хабарланғандай, зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болған соң ауруханаға түскен. Бұл нұсқа қалалық Денсаулық сақтау басқармасында әлі расталған жоқ», - делінген хабарламада.
Қария әл-Фараби ауданындағы Айқап ықшамауданында тұрған. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бір-екі күн бұрын атаға баласы келіп кеткен.