Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, шығысында жел екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында күн күркірейді, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 18-23 м/с жетеді. Алматыда күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз басым бөлігінде күн күркірейді. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жел қарқыны - 18 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың орталығында желдің күші - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні - 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Ұлытау облысының басым бөлігінде күн күркірейді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының шығысында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15-20 м/с, Алакөл көлі маңында - 25 м/с. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, күндіз облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус қатқақ болады. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік жүреді. Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында - найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте күн күркіреп, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде - 15-20 м/с дейін күшейеді. Астана қаласында шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.