Мектепте ақша жинаса, қайда хабарласу керек? – Басқарма басшысы жауап берді

Мектепте ақша жинаса, қайда хабарласу керек? – Басқарма басшысы жауап берді

Мектепте ақша жинаса, қайда хабарласу керек? – Басқарма басшысы жауап берді
ашық дереккөзі
Шымкент Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мектептің жөндеуіне деп ақша жинаса, қайда хабарласу керегін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мектептерге жөндеуге деп ақша жинауға тыйым салынған. Себебі барлық білім беру ұйымдарға жөндеуге, канцелярлық заттарына тағы да басқа шаруашылық заттары үшін мемлекеттің тарапынан 100% сұраныстарына сәйкес ақша бөлінген. Егер түрлі сылтаумен ақша жиналса, осы Шымкенттегі Антикорда күндіз-түні call-орталық жұмыс атқарады. 14-24-ке қоңырау шалыңыздар немесе Бас прокуратураның 115, білім басқармасының 39-49-26 телефондарына қоңырау шалып, хабарлама қалдыруларыңызды сұранамын», - деді Жанат Тәжиева otyrar.kz-ке.