Жаңалықтар

Астанада аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы тиді

ашық дереккөзі

Астанада аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы тиді

Астана қаласында аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы келіп тиген деп хабарлады turkystan.kz sputnik_aitady Telegram арнасына сілтеме жасап. Кадрдан аялдамада отырған 2 адамның біріне кенет көлік доңғалағының ұшып келіп тигенін көруге болады. Бастан соққы алған қыз жерге құлап түсті. Ал жанында отырған ер адам көмек іздей бастады. Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 27 сәуірде Абылайхан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында болған. Жеңіл көліктің доңғалағы  ұшып кетіп, қыздың басына тиген. «18 жастағы қыз медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті бойынша полицияға арыз түскен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.