Үшкемпіровтің құрметіне арналған турнирде қазақстандықтар 6 алтын алды

Үшкемпіровтің құрметіне арналған турнирде қазақстандықтар 6 алтын алды

Үшкемпіровтің құрметіне арналған турнирде қазақстандықтар 6 алтын алды
ашық дереккөзі
Бүгін елорда даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Аталған сайыста отандық спортшылардан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан мен Израильдің үздік 164 спортшысы 3 күн бойы өзара сынға түсті. Бұл турнирде қазақ балуандары арасынан Айбек Айтбеков (55 кг), Олжас Ерғали (77 кг), Ислам Евлоев (82 кг), Нұрасыл Аманалы (87 кг), Нұртас Қыдырбаев (97 кг) және Жохар Узаров (130 кг) өз салмағында чемпион атанды. Қазақстандық спортшылар жарысты 6 алтын, 5 күміс, 14 қола медальмен аяқтады.