Ташкентте қазақтан жеңілген ресейлік боксшы карьерасын аяқтады

Ташкентте қазақтан жеңілген ресейлік боксшы карьерасын аяқтады

Ташкентте қазақтан жеңілген ресейлік боксшы карьерасын аяқтады
ашық дереккөзі
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік боксшы Имам Хатаев әуесқойдағы карьерасын аяқтайтыны туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Енді ол кәсіпқой боксқа ауысады. Бұл туралы боксшының өзі Ташкентте өткен әлем чемпионатынан кейін мәлімдеді. Жартылай финалда Нұрбек Оралбайдан жеңілген Хатаев ӘЧ-нің қола жүлдегері атанды.
"Бұл - менің әуесқой карьерамдағы алғашқы және соңғы әлем чемпионаты. Кәсіпқойға өтемін деген шешім қабылдадым. Жасым өтіп барады, оның үстіне көбі менің стилім кәсіпқойға тән дейді. Өзім де кәсіпқойға кету керегін сезіп жүрмін", - деді Хатаев.