Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» өкілдері Жаңаөзен жасөспірімдерімен кездесті

ашық дереккөзі

«Самұрық-Қазына» өкілдері Жаңаөзен жасөспірімдерімен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Алматыдағы колледжде өздері қамқорлық танытқан «Жарқын болашақ» қайырымдылық жобасының қатысушыларымен кездесті. Онда «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас демеушілігімен ел өңірлеріндегі үздік орта арнаулы білім орындарында оқуға мүмкіндік алған Жаңаөзен жасөспірімдерінің алғашқы оқу жылы қорытындыланды. Оқушылардың бір жылдағы жетістіктерінің көрмесі мен өнері, жоба аясында атқарылған іс-әрекетерінің есебі ұсынылған шараға «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова, білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар қатысты. Сонымен қатар ерекше белсенділік танытқан қатысушылар мен оқу орындарының басшылары марапатталып, тараптар жобаның тиімділігі жайлы пікір алмасты.