ШҚО-да университеттердің бірі 1,9 млн теңгеге еден сүрткіш сатып алмақ болған

ШҚО-да университеттердің бірі 1,9 млн теңгеге еден сүрткіш сатып алмақ болған

ШҚО-да университеттердің бірі 1,9 млн теңгеге еден сүрткіш сатып алмақ болған
ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысындағы университеттердің бірі 25 мың теңге тұратын еден сүрткішті 1,9 млн теңгеге сатып алмақ болған. Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 млн теңге үнемделді деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, талдау жұмыстары барысында «Семей медицина университеті» КЕАҚ Өскемен филиалының тұрмыстық заттарды жоғары бағамен сатып алмақ болғаны анықталды.

«Білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге еден сүрткіш құралдың бір данасын және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас сатып алмақ болған. Алайда еден сүрткіш құралдың нарықтағы орташа бағасы – 25 мың теңге, бір матрастың бағасы 30-дан 130 мың теңгені құрайды. Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 млн теңге үнемделді. Бұл қаражат өзге тауарларды сатып алуға бағытталатын болады», - делінген хабарламада.