Бүгін барлық өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін барлық өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін барлық өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады деп жазды turkystan.kz. Бүгін еліміздің барлық өңірінде найзағай аралас жаңбыр жауады. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысының түнде солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз шығысында, таулы аудандарында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, Маңғыстау облысының орталығында, түнде Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде Ақмола облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік жүреді Қызылорда облысында, Түркістан  облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе, Ұлытау облысында, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.