Таңертең жеуге болмайтын 5 тағам
Таңертең жеуге болмайтын 5 тағам
Тамақтану мамандары таңертең аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар бар екенін ескертеді. Ағзаға зиян келтірмеу үшін олардан бас тартқаныңыз жөн деп хабарлады turkystan.kz.
Медицина және диетология мамандары таңғы асқа жеуге болмайтын бес танымал тағамды атады деп жазды Ferra порталы. Енді олардың әрқайсысына тоқталып өтейік.
Цитрус жемістері
Цитрус жемістері асқазанды тітіркендіретіні белгілі. Сондықтан бұл жемістерді таңертең тұтынуға болмайды. Әсіресе, сізде гастрит, ойық жара, асқазан эрозиясы, панкреатит сияқты асқазан-ішек жолдарының аурулары болса, бұдан бас тартқаныңыз абзал.
Шұжық
Шұжық пен пастада көп болатын консерванттар мен майлар таңертең ағзаға бірден әсер етеді. Сондықтан шұжық өнімдерін таңертеңгі диетадан шығарғаныңыз жөн.
Банан
Оларды тек сұлы ботқасымен жеуге болады. Әйтпесе, ағзада магний мен кальций теңгерімсіздігі болуы мүмкін. «Пайдалы және дәмді жемістерді түскі астан кейін немесе жеңіл тағамдарға қалдырған дұрыс» дейді диетологтар.
Кофе
Кофе цитрус жемістері сияқты аш асқазанды тітіркендіреді. Сондықтан таңғы астан кейін кофе ішкеніңіз жөн.
Көкөністер
Көкөністерді таңғы асқа тек термиялық өңделген түрінде тұтынуға болады. Яғни, қыздырылып пісірілген, бұқтырылған күйде. Жаңа піскен көкөністердің салдарынан гастрит өршуі мүмкін.