Халықаралық іздеуде жүрген Алматы тұрғыны Қырғыз Республикасында ұсталды
10-нан астам ұрлық жасаған Алматы облысының тұрғыны Қырғыз Республикасында ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Рolisia.kz жазуынша, өткен жылғы 2 қарашада Алматы облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 10-нан астам ұрлық жасағаны үшін облыстың 32 жастағы тұрғынына халықаралық іздеу жариялаған.
Биылғы 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары өткізілген. Оның барысында Қырғыз Республикасының полиция қызметкерлері аталған елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, күдіктіні ұстады.
«Қазақстан азаматына қатысты былтыр қыркүйек айында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігімен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалғанын еске саламыз. Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді департаменттен.