Орал полициясы Африкадан келген асабаны ұстады (ВИДЕО)
Орал қаласында Сомалидан келген асаба ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды. Белгілі болғандай, ол - Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті.
«Сомалиліктің айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды. Осы уақыт ішінде ол тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген» деп жазды Рolisia.kz.
Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді шетелдік азамат депортациялануы мүмкін.