Жаңалықтар

«АҚШ-қа жеке жұмыстарымен барған»: қазақстандық велоспортшы өмірден озды

ашық дереккөзі

«АҚШ-қа жеке жұмыстарымен барған»: қазақстандық велоспортшы өмірден озды

Қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев 24 жасында өмірден өтті деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан велоспорт федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дінмұхамед Ұлысбаев былтыр күзде спорттан біржола кетіп, құрама сапынан шыққан. Ол виза жасатып, АҚШ-қа өз жұмыстарымен барған. "Әрі қарай не болғанын білмейміз. Спорт бойынша кетсе, біз анықтар едік. Өйткені ол жақтағы полиция тек әке-шешесіне хабар береді", - деп хабарлады Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне. Дінмұхамед Ұлысбаев тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңді, Әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ бірнеше мәрте ҚР Ұлттық чемпионатының медальдарын жеңіп алды. Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.