Шымкенттегі балабақшалардың бірінен жылан табылды
Шымкенттегі балабақшалардың бірінен жылан табылды
Шымкент қаласының тұрғындарын жыландардың шабуылы алаңдатуда. Жыландар үйлерден, тіпті балабақшалардан табылған. Мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар бауырымен жорғалаушыларды ұстауға тоғыз рет шыққан деп хабарлады turkystan.kz.
«112» нөміріне сағат 12.52 -те Самал-3 Мәңгілік ел көшесіндегі балабақшалардың бірінде жылан табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып, қауіпсіз аймаққа шығарды. Сондай-ақ сағат 15.25-те де Азат шағынауданы Ақбастау көшесіндегі тұрғын үйде жылан табылғандығы туралы хабарлама түсті», - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.