Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барды
Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.