Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ашық дереккөзі

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Алмас Сұлтанұлы Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Алмас Сұлтанұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы технологиялар және бизнес университетін «стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ұлыбританияда Ноттингем университетін «ақпараттық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» РМК Алматы филиалының жетекші маманы болып бастаған.