Астананың қоршаған ортаны қорғау ведомствосының басшысы ұсталды

17 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Астананың қоршаған ортаны қорғау ведомствосының басшысы ұсталды Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Иә, сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов тілші сауалына орай.
Әзірге Әлия Қожабаеваның не үшін ұсталғаны белгісіз. Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов бастапқы мән-жай анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін айтты.