Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Канадамен кездеседі

17 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Канадамен кездеседі Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі деп хабарлады turkystan.kz. Ойын елорда уақытымен 23:20-да Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 мамырдан Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды. Топтық кезең 12 және 23 мамыр аралығына белгіленген. Финал 28 мамырда болады.