Ақтөбеде тегін донер таратқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Ақтөбеде тегін донер таратқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Ақтөбеде тегін донер таратқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласында донерді тегін таратып, адамдардың кептелісін туындатқан кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде донер дүкенін ашқан кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы тағамның тегін таратылатынын хабарлайды деп жазады Stan.kz. Кеше сағат 14:00-де сауда орнының ашылуы болып, оған бірқатар блогер шақырылған. Адам көп жиналады. Жастардың топ-тобымен жүріп, бір-бірін итеріп, алға ұмтылған сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Полиция осы оқиға байланысты әкімшілік іс қозғады.
«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырылды. Кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АКТОБЕ | AKTOBE | 04 (@aktobe365)