Тәшкенбай, Сабырхан, Бибосынов: Олимпиадаға кім барады?

Тәшкенбай, Сабырхан, Бибосынов: Олимпиадаға кім барады?

Тәшкенбай, Сабырхан, Бибосынов: Олимпиадаға кім барады?
ашық дереккөзі
Көрермен көкейінде «Бокстан жеңіл салмақ бойынша 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына кім барады?» деген сұрақ бары рас. Бұған бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Бапкер спортшыларды іріктеу әр уақытта әділ өтетінін айтты. Өйткені олар жарысқа елдің намысын қорғауға барады.
«Әркімнің өз салмағы бар. Бір салмақтан екінші салмаққа өтіп, топ жаратын миллионнан біреу. Ал жалпы, бізде бәсекелестік бар. Сол бәсекелестіктің арқасында Санжар әлем чемпионы болды. Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов екеуі тұрды. Біз таңдауды Санжарға бердік. Неге десек, талантты, келешегі бар деп. Ол енді 51-ге қашан өтетінін уақыт шешеді. Көп естіп жатамыз, адамдар солай айтып жатыр деп. Оның бәрін уақыт, ринг шешеді. Олимпиадаға уақыт бар. Дұрыс шешім қабылданады. Салмақ қуу да оңай емес. Мұның бәрін уақыт еншісіне қалдырамыз. Екінші, ринг шешеді», - деді бапкер Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан 48 және 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұл Олимпиада ойындарының бағдарламасында жоқ. Онда 51 келіге дейінгі санат ұсынылған. Ал бұл салмақта қазір Сәкен Бибосынов бақ сынап жүр.