Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі шетел азаматы көз жұмды

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі шетел азаматы көз жұмды

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі шетел азаматы көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында жол апатынан екі Өзбекстан азаматы қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.  16 мамырда Самара – Шымкент автожолының 824-шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыпты медициналық мекемеге жатқызылды. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу басталды.