Депутатты көлікпен қасақана қаққан азамат қамалды (ВИДЕО)

Депутатты көлікпен қасақана қаққан азамат қамалды (ВИДЕО)

Депутатты көлікпен қасақана қаққан азамат қамалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мәслихат депутаты Тимур Адамбековті достарымен бірге қасақана қаққан азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.  Мақтаарал ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, 13 мамырда аудан орталығы Мырзакент кентінде орталық алаңды көгалдандырумен және абаттандырумен айналысып, тазалығына жауап беретін «Мырзакент қызмет» мекемесінің алдында Абай Достаев есімді азамат отбасымен волейбол ойнап жүрген. Арасында ұшқан доп егілген гүл көшеттеріне тиген деп жазды el.kz. Күзетші Талғат Дәкенов аталған азаматқа бірнеше рет ескерту жасаса да, волейбол ойнауды тоқтатпаған. Осы аралықта «Мырзакент қызмет» МКК директоры әрі аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков және  осы мекеменің бір қызметкері Тахир Жүсіпбаев  оқиға орнына келіп, азамат Абай Достаевқа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Түсіндіру барысында Абай Достаев тарапынан мекеме қызметкерлеріне балағат сөздер айтылып, жанжал басталған. Видеода Тимур Адамбеков (видеода ақ түсті жейдедегі азамат)  қос тарапты ажыратуға тырысады. Осы аралықта Тахир Жүсіпбаев (видеода көк түсті жейдедегі азамат) Абай Достаевқа соққы жұмсап үлгереді. Ашуға берілген Абай Достаев рұқсат етілмеген орталық алаңға кіріп, қасақана түрде МКК қызметкерлерін 3 рет көлігімен соғады», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Ал аудандық полиция басқармасы Абай Қостаев өзінің басқаруындағы Mercedes-Benz маркалы, м/б 584 QGB 13 көлігімен Тахир Жүсіпбаевты бұзақылық ниетпен қасақана екі аяғының тізесінің төмен тұсынан бір рет соғып, сындырған деп отыр. Бірақ үш рет қаққаны туралы айтқан жоқ.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Гүлбану Әниятқызы (@gulbanuanyat)