Пәтері мен көлігі жоқ қазақстандықтардың балаларын тартып алатыны рас па?

16 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Пәтері мен көлігі жоқ қазақстандықтардың балаларын тартып алатыны рас па? WhatsApp-та қазақстандықтар Ашық НҚА порталында орналастырылған жаңа бұйрыққа қарсы дауыс беруге шақыратын хабарламаны таратуда. Онда пәтерлері мен көліктері, жеке бизнесі жоқ ата-аналардың балаларын тартып алып, шетелге жіберу қарастырылған нормалар бар. Ал бұл нормалармен келіспегендерді психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емдейді екен. Мұның бәрі жалған деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Шын мәнінде, хабарламада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының жобасы туралы айтылып отыр. Ол баршаға қолжетімді және қоғамдық талқылауға шығарылды. Жоба мәтінінде қазақстандық отбасылардың бірнеше пәтері мен көлігі, сондай-ақ, олар кәсіпкер болуға тиіс екені туралы ештеңе жазылмаған. Сондай-ақ, балаларды отбасылардан тартып алу немесе мәжбүрлі түрде психиатриялық емдеу туралы айтылмайды. Оның орнына жобада қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейін жеті түрлі өлшеммен анықтау ұсынылады: Әр санат бойынша балл жинауға немесе жоғалтуға болады. Мысалы, егер отбасының әрбір мүшесінің орташа айлық табысы үш немесе төрт ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болса (2023 жылы 46 000 теңге), яғни 138 мың теңге болса, онда отбасына 400 балл беріледі. Бірақ несие бойынша берешегінің болуы банктерге қанша отбасы мүшесі қарыз болғанына қарай 250-ден 500 балға дейін алынады. Бағалау нәтижелері бойынша қазақстандықтарды шартты түрде бес санатқа бөлуге болады: Бұл мұқтаж азаматтарға барынша сапалы және тиімді көмек көрсету үшін қажет. Әдістеме енгізілгеннен кейін азаматтар қажет мемлекеттік қолдауды проактив режимде, яғни нақты ведомстволарға жүгінбей-ақ ала алатыны көзделген. Бұл әдістеме Алкире-Фостердің көп өлшемді кедейлікті өлшеу әдісіне негізделген. Сондай-ақ отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде автомат түрде жүзеге асырылмақ. Демек, таралған ақпарат өтірік. Жаңа НҚА-да бірнеше пәтері мен көлігі жоқ отбасылардан балаларды тартып алып, шетелге күштеп жібереді, ал олардың ата-аналарын психотроп препараттармен емдеуге мәжбүрлейтіні туралы жазылмаған. Керісінше ұсынылған әдіс мұқтаж жандарға проактив режимде барынша тиімді көмек көрсету үшін қажет.