Жаңалықтар

Жерлестері өзбек боксшысын «Мен қазақпын» әнімен қарсы алған (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Жерлестері өзбек боксшысын «Мен қазақпын» әнімен қарсы алған (ВИДЕО)

Qaz365.kz сайтының жазуынша, әлем чемпионы Руслан Абдуллаевты жерлестері «Мен қазақпын» әнімен күтіп алған деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, 20 жастағы боксшы финалда моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Руслан Абдуллаев Ташкент облысы Кыбырай ауданы Қыпшақ ауылында 2002 жылы туған. Ол өткен жылы Оманда Азия чемпионы атағын жеңіп алған. 2020 жылы Қазақстанда шаршы алаңға шығып, еліміздегі жастар чемпионатының қола жүлдегері атанған. Кейін Өзбекстанға оралып, 2021 жылы Өзбекстан чемпионы атанған. Ол осы чемпионаттың үздік боксшысына берілетін «Руфат Рискиев кубогын» жеңіп алған.