Жоғалып кеткен 72 жастағы зейнеткер әскери полигонның жанынан табылды

Жоғалып кеткен 72 жастағы зейнеткер әскери полигонның жанынан табылды

Жоғалып кеткен 72 жастағы зейнеткер әскери полигонның жанынан табылды
ашық дереккөзі
Жетісу облысында жоғалып кеткен 72 жастағы зейнеткер 3 күннен кейін ескі әскери полигон маңынан табылды деп хабарлады turkystan.kz. 13 мамырда үйінен шығып кеткен Орынбүбі Мұханова табылды. Әлсіреген қарт өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жердегі ескі әскери полигонның жанынан табылды. Әйелді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек, волонтерлер, шекарашылар мен жергілікті халық (барлығы 100-ге жуық адам) қатысқан. Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтай алды.
«Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Тамақ пен сусыз ол өте әлсіреп қалған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, туыстары әжейді үйіне алып кетті», - делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.