Алда бізді Азия ойындары мен Олимпиада күтіп тұр – бас бапкер
Алда бізді Азия ойындары мен Олимпиада күтіп тұр – бас бапкер
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бокс саласының дамуына мемлекеттен және Қазақстан бокс федерациясының тарапынан барлық жағдай жасалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Жақында ғана Ташкентте өткен әлем чемпионатында спортшыларымыз үлкен жетістікке жетті. Бұл, өзіңіз айтқандай, ерінбей еңбек еткеннің, тер төккеннің арқасында. Ал енді бокс саласының дамуына, осындай үлкен жетістікке жетуге бірінші кезекте мемлекеттен және Қазақстан бокс федерациясының тарапынан барлық жағдай жасалған», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде бас бапкер Мырзағали Айтжанов.
Оның айтуынша, алда Қазақстан боксшыларын биылғы Азия ойындары мен ендігі жылы болатын Олимпиада ойындары күтіп тұр.
«Еліміздің боксшылары осы жарыстарға тыңғылықты, сапалы дайындалып, еліміздің, халқымыздың, жанкүйерлердің үмітін ақтауға бар күшін салады. Ерінбей еңбек етіп, тер төгіп, елімізді қуантамыз деген сеніммен сізге уәде береміз», - деді ол.