Ерұлан Жамаубаев бюджетті игермеген министрліктерді атады

Ерұлан Жамаубаев бюджетті игермеген министрліктерді атады

Ерұлан Жамаубаев бюджетті игермеген министрліктерді атады
ашық дереккөзі
Биылғы 4 айда бірнеше министрлік пен әкімдік бөлінген бюджет қаражатын игере алмады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемдеу», - деді ол.
Министр атағандай, бюджеттің игерілмегені - 55 млрд теңге.
«Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері - шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу, мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыстардың актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары», - деді Жамаубаев.