Алматы маңынан балалар арбасында жатқан сәби табылды

Алматы маңынан балалар арбасында жатқан сәби табылды

Алматы маңынан балалар арбасында жатқан сәби табылды
ашық дереккөзі
Үлкен Алматы айналма жолы аймағынан балалар арбасында жатқан нәресте табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Алматы облысының Полиция департаментіне 15 мамыр күні сағат 10:08 шамасында Үлкен Алматы айналма жолынан 5 шақырым жерде кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабар түскен. Аталған дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелді. Фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды.
«Әйелге ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ата-анамен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар ҚР Қылмыстық кодексінің және Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің баптарымен таныстырылды», – деп хабарлады ведомстводан.