Атырауда әскерден келген жігітті пышақтап кетті

Атырауда әскерден келген жігітті пышақтап кетті

Атырауда әскерден келген жігітті пышақтап кетті
ашық дереккөзі
Атырауда әскерден келген жігітті пышақтап кетті. Ол былтыр күзде Отан алдындағы борышын өтеп, ауылына оралған деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап. Оқиға Индер ауданындағы Жарсуат ауылында болған. Ауыл жастары ауыл сыртына демалуға шығады. Содан қайтып келе жатқанда Индер кентінің бір топ жігітімен арада төбелес болған. Бірақ марқұм жігіт достарымен демалысқа бармаған. Ол топтың ортасына қайдан тап болғаны белгісіз. Белгілісі, пышақ жарақатынан көз жұмады.
«Индерден бір-екі машинамен ба, оншақты бала келген, 12 бала келді дейді. Бірақ маевка тарағаннан кейін бері келе жатқанда, мына тоғай мен ауылдың ортасында, шет жақта бір таса жер еді. Төбелескенде құрдас балалар шақырған болар, ойбай біз төбелесіп жатырмыз деп. Кел дейді ғой, телефонмен шақырады бірін-бірі қазір. Групповой төбелес болған енді. Бұрыннан кикілжің бе, әлде ортада қыздар бар ма, ол жағын білмеймін», - дейді Жерсуат ауылдық округінің әкімі Ербол Бөкеев.
Кикілжіңнің неден шыққанын полиция анықтап жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.
«ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес, яғни Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде. Сондай-ақ 2003 жылы туылған күдікті қазіргі таңда анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына 2 ай мерзіміне қамауға алынды. Сот медициналық сараптама тағайындалды», - дейді облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.