IBA бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтетінін хабарлады
Бокстан әйелдер арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда, Астанада өтеді. Бұл туралы Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Қауымдастық әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлде қоры екі есе көбейетінін мәлімдеді. Бірінші орын алған спортшыларға 200 000 доллар берілмек.
Барлық 12 санат үшін жалпы жүлде қоры – 4 4,8 млн доллар. Бұл сомаға ұлттық құраманың бас жаттықтырушыларына тиесілі 10% кіреді.
«IBA-ның ірі турнирлерінің бірі Қазақстанда өтетініне қуаныштымын. Жарыс бұрын да Астанада өткен болатын. Енді күшті образбен қайта оралайын деп тұр. Өйткені біз әйелдерге арналған жүлде қорын екі есе көбейтеміз», – деді IBA президенті Умар Кремлев.