Ойнап жүрген қыздың аяғы темір торға қысылып қалды
Шымкентте ойын алаңында жүрген қыздың аяғы темір торға қысылып қалған деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Шымкент қаласы 8-шағынауданында Мамытов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Ойын алаңында кішкентай қыздың аяғы темір торға қысылып, шығара алмай жатқаны туралы хабарлама 14 мамырда «112» құтқару қызметіне келіп түсті деп жазды otyrar.kz.
Құтқару бөлімшесінің мамандары оқиға орнына тез арада жетіп барып, гидравликалық құралмен темірторды керіп, қыздың аяғын босатты.
Медициналық көмек қажет болмаған қыз ата- анасына аман-есен тапсырылды.