16 жастағы қазақстандық шахматшы қытайлық әлем чемпионын жеңді

16 жастағы қазақстандық шахматшы қытайлық әлем чемпионын жеңді

16 жастағы қазақстандық шахматшы қытайлық әлем чемпионын жеңді
ашық дереккөзі
16 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманова жаһандық Pro Chess League финалында қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюнді жеңді деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов өнер көрсеткен. Pro Chess League (PCL)  - 150 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры бар шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін өтті. Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншыларды жинаған 16 команда бақ сынады. Олардың ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.