Семейде дәрігерлер науқастың миындағы ісікті алып тастады  

Семейде дәрігерлер науқастың миындағы ісікті алып тастады  

Семейде дәрігерлер науқастың миындағы ісікті алып тастады  
ашық дереккөзі
Қырық бес жастағы Семей тұрғынына ми ісігі диагнозы қойылып, медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен күрделі операция жасалды деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастың шағымынан кейін оны емханада егжей-тегжейлі зерттеп, қарауға жіберген. Жолдама бойынша ол мидың компьютерлік томографиясынан (КТ) және магниттік-резонанстық томографиясынан (МРТ) өтті.
«Пациент Семей қаласының СМКА нейрохирургия бөлімшесіне емдеуге  жатқызылды. КТ және МРТ нәтижелерін алғаннан кейін сол жақ алдыңғы маңдайдың  ісігі анықталды. Әрі қарай біз операция алдындағы дайындықты жүргіздік және BrainLab нейронавигациялық жүйесімен бас сүйегіне сүйек-пластикалық трепанация жасадық, ісікті алып тастадық. Операциядан кейін пациент өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты», - деп атап өтті нейрохирург, дәрігер Төлеуғали Қойшыбаев.